АЭС салу – болашақтың игілігі. Медицина саласының студенттері осылай деп отыр. Жарықтан бүгін қысылмағанымызбен, келешекте қиындық туындайтыны сөссіз. Сондықтан мәселені шешудің төте жолы – бастаманы қолдау. Жобаның экономикалық тұрғыдан да тиімділігі мол болып отыр.
 Бүгінде Қазақстан жарық пен жылудан таршылық көріп отырған жоқ. Бірақ шетелден тасымалданатын электр энергиясының өміршеңдігіне кім кепіл? Осылай деген шымкенттіктер АЭС салу ісін қос қолдап қуаттап отыр.


 НҰРСҰЛТАН ТҰРАБАЙ, ҰСТАЗ
 --АЭС салу энергия тапшылығын түбегейлі жояды.  Энергия көзі, жылу жүйесі деп жатырмыз бұл әрі экономикалық тұрғыда тиімді болып отыр. Әлемдік проблеманың оңай шеші жолы осы АЭС салу



 Болашақ медицина мамандары ақпараттық топпен кездесуде бірқатар сауалдарына жауап алды. АЭС-тың экономикалық тұрғыдағы тиімділігін жөнінде ақпараттанды.
 ДУМАН ЖАМАНТАЙ, СТУДЕНТ
--Қазақстанның экономикасына, жұмыссыз жүрген жастар үшін өте тиімді болмақ. Сондықтан мынау экономикалық жағынан оң әсері барын түсіндіріп жатыр. біз бүгінімізді ғана ойламауымыз керек. Алға ұмтылуымыз керек деп білем.



 Қазір шымкенттіктерді игілікті жобамен таныстыру мақсатында арнайы ақпараттық топ құрылған. Мамандар әр оқу орындарында арнайы кездесулер өткізіп жүр. Жергілікті тұрғындарды жалпыхалықтың референдумда дауыс беруге үндеуде.


АРУЖАН ӘЛЖАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 --Жастар қолдап отыр. Біз де өз тарапымыздан түсіндіріп, жарық көзін алудың тиімді тәсілі екенін жеткізіп жатырмыз. Жалпы шымкенттік жастар бұл бастамаға қарсы емес.


 Станция құрылысы кезінде 8000 адам жұмыспен қамтылып, іске қосылғаннан кейін 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Осыны ескерген жас буынАЭС салу –  әлеуметтік-экономикалық дамудың дара жолы,-деп отыр.