Қазақстанда әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға өзгерту туралы петиция жарияланды. Петиция epetition.kz сайтында пайда болды. Құжат авторлары әскерге 20 жастан бастап шақырудың бірнеше себебін атаған.

 Ол психологиялық және физикалық тұрғыда жетілу, білімін жалғастыру, әскерден қашу мен құқықбұзушылық деңгейін төмендету, Әскери дайындық сапасын жақсарту. Психологиялық зерттеулер бойынша, жасы есейген кезде әскерге баратын жастардың әскерден қашу деңгейі азаяды. Өзге елдердегі практика, мысалы, Швеция, Германия, Швейцария мен Австрияда әскерге 19-20 жастан бастап шақырылады. "Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жас азаматтардың мүддесін қорғап, Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Осы өтінішті қарап, міндетті әскери қызметке шақыру жасын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз", - делінген құжатта. 10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге елуге жуық адам қол қойған.