Қалада су құбырлары жаңарып, кәріз жүйесі жөнделуде. Мегаполис жүйесін модернизациялауға 4 млрд-тан астам теңге жұмсалып отыр. Бұл қаржы қазына қорынан жұмсалмайды. Жобаға «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС инвестиция салған. Бұған 22 су құбыры және 21 кәріз желісі жөнделіп, жаңарады. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы нысандарды аралап көріп, жұмыс сапасын саралады.

Еңбекші ауданы, 17 ықшамауданында диаметрі-150 мм және диаметрі-300 мм су құбыры желісін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл желі 1977 жылы жүргізілген. Жүйенің  89% тозуына байланысты апаттар жиі орын алатын. Абоненттер саны шамамен 964 құрайды. Ескі құбырдың шығына  жылына 136 815 м3 құрайды.  Қаржыға шаққанда 17 млн теңге.   
КЕНЖЕБОЛАТ КӨШІКБАЕВ,  ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
 2024 жылға шамамен 4 млдртай қарастырылған болатын 2,5 су қызметіне 1,5 карізге қарастырылған

 БАҚТИЯР ҚЫДЫРБАЕВ, «СУ РЕСУРСТАРЫ – МАРКЕТИНГ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Жылына 8 рет авария болып жатыр сол себепті полителен трубаларын салып ауыстырып жатырмыз.

 Қаладағы  Адырбековтен Шаймерденовке дейінгі диаметрі -300-ден диаметрі -160-қа дейін Ватутина су құбырының желісі қайта жаңғыртылып жатыр. Бұл жердегі желінің де  62 жылдық тарихы бар.  Әбден тозығы жеткен. Сол себепті апаттар жиі орын алған. Жаңа құбыр бұрғылау арқылы жүргізілуде. Ерекшелігі сол - желі жүргізу кезінде бүкіл жол қопарылмайды. Жұмыс істеудің заманауи тәсілі тұрғындарға кедергі келтірмейді.
АНАРБЕК МОЛДАБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Ешкімге зияны жоқ ешкімге кедергі келтірмей қазып жатыр рахмет.

 Инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізіледі. Нормативтік шығындар 17,37%-дан 17,12%-ға яғни 0,25% төмендейді. Авариялар саны 2023 жылмен салыстырғанда пайыздық мәнде 1,5-ке азаяды. Суды тасымалдау бойынша тозу деңгейі 57,65% - дан 56,5% - ға дейін төмендейді.