Енді көлікті мас күйінде жүргізген қазақстандыққа жүргізуші куәлігі берілмейді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.
Аталған заң жобасын Сенат мақұлдады. Министрдің орынбасары заңдағы жаңа норманы түсіндірді. Сөзінше, бұған дейін жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, көлік тізгіндеген адам ұсталса, тек қамауға алынатын. Ал одан кейін куәлік алуға ешқандай кедергі жоқ еді. Сондықтан енді қамаудан бөлек, заңды 7 жылдай емтихан тапсыра алмайтындай қатаңдатты. Мас күйде жкуәліксіз әкесінің көлігіне отырса, соттың үкімімен күдікті 20 тәулікке қамауға алынады. Оның жүргізуші куәлігі жоқ, ол одан айырылмайды. Бірақ жаңа заң бойынша 7 жыл жүргізуші куәлігіне тапсыра алмайды.