«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Мемлекет басшысының бастамасы шаһар ажарын ашып ғана қоймай, халық арасында мәдениет қалыптастырып отыр. Бұл жолы мегаполистің  5 аймағы шөптен аршылып, қоқыстан  тазаланды.
Қаланың күре тамыры саналатын Қошқар ата өзені тазалық қызметкерлерінің жіті назарында. Өзен жағасы Жангелдин көшесінен Республика даңғылына дейін ретке келтірілді. Санитарлық жұмыстар кезінде бұлақ түбіндегі балдырларда арнайы аршылды. Ретсіз өскен бұтақтар кесіліп арамы шөп орылды.
 «Тазалық – денсаулық кепілі» - бұл ұранды акцияға қатысып отырған Еңбекші ауданының  тазалық мекемелері  жұмыла жүк көтерді. Орманшы елдімекеніне  150-дей адам 7 техника жұмылдырылған. Көшелер мен қатар  Шымкент каналы бойы да қоқыстан тазаланды.

ЕРЛАН КҮЗЕМБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  
 - Таза Қазақстан акциясы аясында Орманшы тұрғын алабында көше кснал тазалығы жүріп жатыр.

«Таза Қазақстан» акциясы уақытша акция емес, тұрақты тазалық шарасы. Сондықтан игі жоба мегаполисте жалғасын таба бермек.