Шымкентте бейберекет бизнеске жол жоқ. Орталықта үй жанын кәсіп ашып, қала көркін қашырғандарға түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Мамандар іс бастап, нәпақа айырып отырғандар үшін қала сыртынан арнайы орын дайындаған. Заңсыз әрекетін түсінгендер жаңа индустриалды аймақтарға көшіп жатыр.
Бұл орталық Дулати көшесі. 10 шақырымнан астам ұзындықты алып жатқан күре жолда бизестің сан түрін кезіктіруге болады. Мысалы мына орында бұрын темір қабылдаған. Кәсіпкерге келушілер көлік кептелісін тудыратын. Қазір бәрі басқаша.
БАУЫРЖАН АЙТІЛЕУОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 - Жақсы болды. Мынау мегаолис болған соң ретке келгені дұрыс. Бұрын осы жерге келушілер көп еді. Бәрі бірден келгенде мына жерде ары-бері жүру ыңғайсыз болатын. Дұрыс қой қай кезде де прогрес болуы керек. Біз алға жылжуымыз керек. Қолдаймын мен мынау бастамаларды.
Дулати көшесінде негізінен көк тас шеберханалары көп. Тұтынушылары да жеткілікті. Десе де кәсібін индустриалды аймақта жалғастыруды жөн көргендері баршылық. Мамандар осы сарындағы жұмыстар әлі де жалғасатынын айтып отыр.
 ҮСЕН ИСАЕВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Қазір бұл кәсіпкер қала сыртына көшті. Бір рет айтқаннан өзінің заңсыз әрекетін түсінді. Жалпы бізде осындай орындар, көк тас жасайтын мекемелер көп. Оларға осындай ақпаратты жеткізіп жатырмыз. Ия кәсіпкерлік қажет, бірақ үйдің құжатын рәсімдеп, темір қабылдау үшін арнайы сертификаты болуы керек.
  Орталық көшеден дүкен немесе тапсырыс қабылдайтын кеңсе ашуға қарсылық жоқ. Тек үй ауласы мен күре жолды цехқа айналдыруға жол жоқ. мамандар тұтынушылар үйренген орында тапсырыс қабылдап, бұйымды индустриалды аймақта жауасуға кеңес беріп отыр. Құжаттарыңыз заңды болса болғаны.