Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалатыны белгілі болды. 25 қазан Республика күні биыл жұмаға сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін қазан айында жалпы 9 демалыс күні бар.  Республика күніне байланысты қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 25, 26, 27 қазан күндері демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан - демалыс, 26 қазан - жұмыс күні, 27 қазан жексенбі қайта демалыс.