Кәсіпкерлерді қолдау – мемлекет пен қоғам мүддесі. Өйткені, дербес, іргілі кәсіпкер басқаларды да жұмыспен қамтып, бюджетке табыс әкеледі. Қоғам дамуына серпін беріп, демеушілік жасайды. Елім дейтін қалталы кәсіпкер қалыптастыру үшін мемлекет ісін жаңа бастаған бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп, демеу береді. Аяққа тұрып, кәсібін дөңгелетіп кетуі үшін қажетті мүмкіндік пен қайтарымсыз несие ұсынады. Сондай жобалардың бірі – «Мүмкіндіктер алаңы».

 Қызғалдақ гүлзарына келушілер көп. Өйткені мұндағы жәрмеңкеге 60-қа жуық шағын бизнес өкілдері қатысып, өнімдерін ұсынды. Бірі – зергерлік, әшекей бұйымдарын саудаласа, енді бірі балалар ойыншықтарын сатып тұр. Жәрмеңке аясында әртүрлі салада қызмет ететін жас кәсіпкерлер де өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.

ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ  
 – «Бұл жәрмеңкеге жұмысын енді ғана бастап келе жатқан кәсіпкерлеріміз қатысып жатыр» - 00:25, 00:53 – «Жәрмеңкеміздің мақсаты жас кәсіпкерлерге қолдау білдіру болып табылады»

Гүлнар Боранбаева – қолөнер шебері. Нәзікжандыларға арналған әшекей бұйымдарын әзірлейді. Айтуынша, сұраныс мол. Өнімдерін әлеуемттік желі арқылы жарнамалап, халыққа таныстырып отырады. Сөзінше, тапсырыстың басым бөлігі Шымкенттен емес, өзге қалалардан түседі. Жеткізу қызметі – почта арқылы іске асады.  
 ГҮЛНАР БОРАНБАЕВА, КӘСІПКЕР

 – «Менің инстаграмыма бірден 14 мың адам жазылды 2 ай ішінде. Басқа қалаларға интернетпен, почтамен жіберетін болдым»


 Шара тек жәрмеңкемен шектелмеді. Жас өнерпаздар ән айтып, аспаптарда ойнап, келушілер көңілін көтерді.