Түркістанда «Алаш ардақтылары» атты тарихи-мәдени шара өтті.Онда бар ғұмырын халықтың ертеңі мен қазақ елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Нұртас Оңдасынов сында тұлғалардың есімі ұлықталды. Қазақ зиялыларының туған тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі айтылды.


Кеште қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Алаш атын аспандатқан тұлғалардың рөлін сомдап, тарихтан сыр шертетін әсерлі қойылым көрсетті. Онда еліміздің тәуелсіздігіне, халқымыздың рухани дүниесіне қызмет еткен тұлғалардың сол кездегі көрген қиындығы сомдалды.

Биыл Алаш қайраткерлері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл, Нәзір Төреқұловтың туғанына 132 жыл, Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толып отыр. Алаш ардақтылары— халқының сан салалы мұрасын дәріптеген ,ұлттық сананы көтеруді ту еткен қазақтың бетке ұстар нағыз батырлары.
 Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында «Баршаңызға мәлім, қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде.
Алаш зиялылары ұлықталған шарада «Құрмет» орденінің иегері, Нәзір Төреқұлов музейі филиалының меңгерушісі Омар Абдуллаұлы қайраткерлердің ел үшін жасаған ерліктеріне тоқталды.Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Серсенбаев ХХ ғасырдың шежіресінде Түркістан өлкесі – Алаш атын аспандатқан тұлғаларымен, төл перзенттерімен әйгілі екенін мақтанышпен айтып, сөзін түйіндеді. Өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жыр шумақтарын оқыды.Рухани кештен жастар тұшымды әңгіме тыңдап, тың мағлұмат алды.