Техникалық мамандар тапшылығын жойып, сапалы кадр дайындау – маңызды фактор. Осылай деген ел президенті, жоғары білімге ие мамандардың лайықты жұмыс тауып, тасада қалмауын талап етті. Бейресми статистика: оқу орынын аяқтаған студенттердің 35-40 пайызы өз мамандығымен жұмыс істемейтінін көрсетеді. Қабат-қабат дипломы бар, алайда жұмысы жоқ азаматтар неге қапалы? Университетті аяқтаған маман не себепті жұмысқа орналаса алмай жүр? Толығырақ бейнематериалда.

Жастар орталығында экспеттер қатысуымен орта және жоғары оқу орындары студенттеріне  арнап түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат: болашақ мамандарға бағыт беру, жөн сілтеу. Шарада мемлекеттік бағадарламалар насихатталып, жұмыспен қамту жобасы таныстырылды.

ҚАЙЫРЖАН БӨГЕНБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 – «Техникалық мамандықтардың болшақтағы мүмкіндіктері, қалай болашақта жұмысқа орналасады? Жалпы өздері оқып жүрген мамандықтарын ерекшелігін жақсылап түсіндіреміз»

Оқу орнын аяқтаған маман жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыздар есебіне тіркелуі қажет. Орталық жас кадрға мамандығына сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай жобалардың бірі – жастар практикасы. Қатысушы ұсынылған мекемеде бір жыл жұмыс істеп, 87 мың теңге жалақы алады.

 СҰЛТАНИЯЗ ТАШНИЯЗОВ,  ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ МАМАНЫ  
 – «Олар уақытша жұмыста аяқтағаннан кейін, тұрақты жұмыс табуға да көмектесеміз» - 02:03, 00:54 – «Мақсатымыз оқу орынын аяқтаған жас мамандарға қолдау көрсетіп, жұмыс табуға көмектесу»

Диас Серікұлы – политехникалық коледж студенті. IT саласын меңгеріп, тәлім алып жүрген ол: «Тың ақпараттармен таныстым, қажетті мәліметтерге қол жеткіздім» - дейді.  

 ДИАС СЕРІКҰЛЫ, СТУДЕНТ
 – «Оқуды бітіргеннен кейін көптеген жұмыс орындарына орналасуға болады» - 01:18, 01:50 – «Алдағы уақытта жастар практикасымен жұмыс жасауға ниеттеніп отырмын»

 Шара студентердің көкейтесті сауал жолдап, тұщымды жауап алумен түйінделді.