Иә, осы аталған түркістандық театр   жаңа маусымда қоржынын ерекше қойылымдармен толықтырмақ. Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры мерейлі маусым қарсаңында театр орыс жазушысы В.Шукшиннің 6 прозалық шығармасынан жиынтық жасап отыр.
20-21 қыркүйек күндері өтетін «Ауыл әңгімелері» спектаклінің премьерасына қазіргі таңда қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Театр басшысы Арман Алиевтің айтуынша шығармашылық ұжым дәл осы қойылыммен Ресейдің Барнаул қаласында өтетін «Здравствуйте, люди!» атты театр фестиваліне қатыспақ. Бұл фестиваль екінші рет В.Шукшиннің 95 жылдығына орай қыркүйек айының 18-27 күндері аралығында ұйымдастырылып отыр. Аталған қойылым режиссері – Құдыс Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Фархадбек Қанафин.
АРМАН АЛИЕВ, РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ