«Таза Қазақсатан» акциясы аясында қаланың барлық ауданында санитарлық-тазалық жұмысы жүргізілді. Абай ауданының әкімдігі экологиялық акцияны Шымкент халықаралық әуежайынан бастады. Онда жүзге жуық адам әуежай айналасындағы шөпті жұлып, ағаштарды әктеді.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ – ТІЛШІ
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы Абай ауданының әкімдігі Шымкент  халықаралық әуежайының аумағын күл-қоқыстан арылтуда. Қазіргі таңда мұнда мұнда жүзге жуық жұмысшы тал әкету, сыпыру және шөп ору жұмыстарымен айналысып отыр.
 Экологиялық акицяға еріктілер мен аудан тұрғындары қатысып белсенділік танытып отыр. Әсіресе егде жастағылар жастарға мотивация болсын деген ниетпен қолға сыпырғы алып, әуежай аумағын тазалады.
 ОРЫНША ТАДЖИБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Осы қағамдық тазалық акциясына ардагерлер, үлкен кісілер, әділ билер, ауыл қарияларболып жастарға үлгі насихат өнеге көрсету ретінде тазалық акциясында қазір тұрмыз. Тазалау тазалық акциясына жастарға үлгі өнеге ретінде елімізді таза жерімізді көркем, гүлдену ретінде акцияға барлығымыз бірге қатысудамыз.  
Абай ауданында ұйымдастырылған эко акцияға екіжүзден аса адам қатысты. Бір бөлігі санитарлық тазалықты әуежай айналасында жүргізсе, енді бірі Асар шағынауданындағы аллеяда жалғастырды.
 МЕЙІРЖАН  АЖЕДИН – АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда осы аэропорт аумағында жүзден аса адам қатысып жатыр. Мердігер мекемеміз бар. Өзіміздің коммуналдық мекемеміз бар. Жастарда келді. Қоғамдық белсенділер де осы ауылыдың тұрғындары бар. Біздің қызметкерлер мен аэропорт қызметкерлері шығып жатыр. Қосымша акция өзімізде Асар шағыануданында аллеяда болып жатыр. Темірлан тас жолы бойындағы скверде.
Асар шағынауданында ұйымдастырылған игі шараға жергілікті тұрғындар дән риза. Себебі олар таза аллеяда бала-шағамен қыдырып, таза ауасымен тыныстанды ұнатады.
 РАБИҒА НАРБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Тазалық бар жерде денсаулық бар. Өте жақсы. Пенсияға шыққанбыз. Міне тазалап жаыр бар жақты. Жаңа Қазақстан осындай таза болу керек. Біз де үлесімізді қосамыз, жан-жақтарымызды тазалаймыз. Немерелермен жүрміз мына жерде.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қаланың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр. Сондай тазалықтардың бірі бүгін Асар шағынауданындағы аллеяда да жалғасын тауып отыр.  Мен түсірілім барысында өзімнің үлесімді қоса кетейін деп аллеядағымынандай отырғыштарды сырлауға кіріспекпін.