Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан  Жазықбай Түркістан облысына арнайы барды. Сапар аясында облыс активі, Өңірлік кадр резервінің мүшелері және белсенді жастарымен кездесулер өткізді. Жиынға өңір басшысы Дархан Сатыбалды қатысып, осы саладағы реформаларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
 Облыстың мемлекеттік қызметшілерімен өткен жиында МҚІА төрағасы мемлекеттік аппаратты адамға бағдарланған және сервистік сипатта қалыптастыру, бюрократиядан арылту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады.  Мемлекеттік  қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметтің гибридтік моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және адам ресурстарын басқаруды цифрландыруға қатысты жоспарлармен бөлісті.
 ДАРХАН  ЖАЗЫҚБАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ  ТӨРАҒАСЫ  
 Көбінесе бізде мемлекеттік қызметшілер көтеген ұғымдарды шатастырып жатад. Меритократия қағидаты дегеніміз құзыреті мен қабілетіне қарай тағайындау керек.

 Жиынды қорытындылаған өңір басшысы тұжырымдаманың барлық бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берген МҚІА төрағасына алғысын білдірді. Меритократияның мән-жайын ұғындырғаны - мансап құмарлардың сұрақтарына жауап екендігін тілге тиек етті.
 ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-  Дұрыс айтасыз егерде өзі қабілеттігін жоғарылатпай дамымай     нәтиже көрсетпесе әрине қанша жыл отырсада ертең күні өспейді.

Жұмыс сапары аясында МҚІА төрағасы Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Ол  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, қызмет алудағы азаматтарды  құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы Агенттіктің басты назарында екендігін айтты. Айта кету керек,  Түркістан  облысында 2024 жылдың 1 жарты жылдығында 12,5 млн. қызмет көрсетілсе, оның 98% электронды нысанда ұсынылған.