Адалдық – адамдық белгісі! Ешкімге пәре бермеңіз, ұсынса бас тартыңыз. Сыбайлас жемқорлық тәуелдерінен ада әділ қоғам сіз бен біздің қолымызда. Осылай деген антикор өкілдері мен ішкі саясат басқармасы жас суретшілер арасында қалалық қылқалам байқауын ұйымдастырды. Сайысқа 14 пен 21 жас аралығындағы 127 жас суретші қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындыларын салып бақ сынасты.
ҚАНАТ ЖОДАСБЕК, ТІЛШІ
Суретшілік соқырлардың жұмысы. Себебі суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді. Бұл ұлы суретші, бейбіт бейнелеуші, парасатты Пикассо пайымы. Жас суретшілер бейнелеп отырған туындылар сезім сарайын сипап өтіп, жүректің жүгенсіз пернелерін басады. Жаның жадырап, көңілің көтеріледі. Әр суретке астар, мән жасырынған.
Қаз-қатар тізіле отырған қылқалам шеберлері 90 минут ішін берілген тақырып бойынша сурет салып, туынды әзірлейді. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай екі санатқа бөлінген. Әділқазылар 14 пен16 жас қатысушыларын бөлек, 17 – 21 жас аралығындағы ерексектерді бөлек бағалайды.
ЗАҢҒАРБЕК ҮСІПАХМЕТОВ, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.У.А.
– «Неге сыбайлас жемқорлықты суретке алып келіп қосып жатырмыз деген мәселе..» - «Адам көзбен көргенін санасына түйеді деген мақсатпен байқауды өткізіп отырмыз»
Аяна Дүйсенбай – Ә.Қастев атындағы өнер және дизаин коледжінің 3-курс студенті. Көркем өнерге құмартып, қылқаламды жанына серік еткен ару «сурет салу – әлемге түрлі тараптан көз тастау» деп түсіндіреді. Айтуынша, ол бұл өнерді 5-сыныпта бастаған. Мақсаты айқын. Талабы жоғары студент бойында бар талантты одан әрі ұштап, жетілдіруді көздейді. Ол үшін осы сынды байқаулар, таптырмас мүмкіндік.
АЯНА ДҮЙСЕНБАЙ, СТУДЕНТ
– «Жемқорлыққа жол тақырыбында сурет салып отырмын. Яғни билікте отырған кейбір басшылардың жағымсыз әрекеттерін бейнелеп жатырмын. Егер мұндай адамдар болмаса біздің ел әлдеқайда жақсы болушы ма еді?»
Сайысқа қатысуға өтінім білдірген 127 үміткердің 52-сі Ә.Қастеев колледжінің студенттері. Асылбек Тастанбековтың айтуынша, суретшілер ұстаханасына айналған мекеме осы сынды сайыстарға жүйелі түрде қатысып отырады. Нәтижелері де жаман емес.
АСЫЛБЕК ТАСТАНБЕКОВ, Ә.ҚАСТЕЕВ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
– «Ворд сикилс» байқауын білесіздер ғой жыл сайын коледждер арасында өтіп отыратын. Соған жүйелі түрде қатысып, жүлделі орындарды алып отырамыз»
Байқау қорытындысына сәйкес жүлдегерлер ақшалай сыйақымен және арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.