Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізіліп келеді. Жоба келесі жылы жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйеленеді. Облыс әкімі жауапты сала мамандарына тазалық пен абаттандыру шараларын сенбілікпен шектемей, жұмыстарды ширата түсуді тапсырды.
Түркістан қаласындағы индустриалды аймақты секторларға бөліп, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліліп жатыр. Бүгінгі таңда 60 гектардан астам аумақ ретке келтіріліп, 880 ағаш отырғызылды. 2 шақырым жол бойы тазаланып, 1 шақырым жол жиегі ақталды. Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған азаматтарға 26 113 мыңнан астам хаттама толтырылып, 305 миллион теңге айыппұл салынды. Ал абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1 381 ескерту және 647 айыппұл салынды.