«Дарбаза» оқу полигонында далалық оқу-жаттығу өтті. Онда жас сарбаздар алғаш рет автоматтан оқ атып, өздерінің жауынгерлік біліктіліктерін арттырды.
Оқ-ату жаттығуларын бастамас бұрын жас толыммен қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Командирлер ату және дұрыс көздеу туралы бірқатар нұсқамалар берді.

 ЖАНДОС ӨЗБЕКБАЙ - 35748 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАС САРБАЗДАР ЖИНЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ, СЕРЖАНТ

- Қару-жарақпен алғашқы атыс жаттығуларын сапалы орындау үшін біз әртүрлі оқу нүктелерін дайындадық. Олар, «КЯ-83» станогында атыс қаруынан қалыптары. 1 және 2 нормативтер, АЭД және де қаруды бөлшектеу және жинақтау сияқты оқу нүктелері жаылған.  Жас сарбаздардың атыс кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуі үшін нұсқаушыларға тікелей байланысты. Осы орайда біз барлық тәжірибемізді оларға барынша жеткізуге тырысамыз.

Сарбаздар нұсқаулықтан өткен соң  қаруды қолға алып, практикалық түрде қолданды. Басымы автоматты қолына алғаш ұстап тұрса да, нысана дәлдеуден қалт кетпеді.  

МАҒЖАН ИМАНБАЕВ  - ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
 Бүгін мен алғаш рет оқу полигонына келдім. Біз бірінші рет қолымызға қару алдық, оқ өтпейтін жилет пен дулыға кидік. Мен ерекше сезімдемін. Біз қарудан бастапқыда 3, одан кейін 6 оқтан аттық. Нәтижелеріміз жақсы. Бірінші атудың сезімі мен әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл өмірде бір рет болса да байқап көруге тұрарлық эмоциялар екен.
 Жас толықтырудың ішінен бірнеше сарбаз нысанаға дәл тигізіп, жоғары балл жинады.  АК-74 қаруын алғаш қолға алған жас жауынгерлер үшін бұл жақсы нәтиже екенін айта кеткен жөн.