Энергетика министрлігі жарты жылда бір рет ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын қайта қарайды. Ведомство сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын бұрынғы деңгейде – тоннасына 45 158 теңгеде ұстау туралы шешім қабылдады.
Бұйрық жобасы бойынша, шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 2024 жылғы 26 маусымда энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын өндіретін зауыттар үшін шекті көтерме бағалар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, тоннасына 45 158 теңге деңгейінде бекітілді. Бұйрық 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. Осыған байланысты энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті көтерме бағаларды бұрыңғы деңгейде бұйрықпен қайта бекітуді жоспарлап отыр. Жоба 2024 жылғы 5 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық» нормативті-актілер порталында орналастырылған.