Ордабасы ауданында қыш зауытының капсуласы салынды. Зауытта заманауи технологиялар қолданылады. Жобаның жалпы құны – 5 млрд теңге. Нысанды жеке кәсіпкер өз қаржаты есебінен салуды бастады. Банктен де арнайы қаржылай қолдау несиемен берілетін болды.
 Аталған зауытта жылына 90 млн., ал күніне 250 мың кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ зауытта жергілікті 70 тұрғын жұмыспен қамтылады. Бүгінде жобаның жобалық сметалық құжаты әзірленіп жатыр. ҚХР-дан құрал-жабдықты жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылып, жер тегістеу, іргетасын құю жұмыстары басталды.
 БЕРЕКЕ ДҮЙСЕБЕКОВ - «ALTYN LAND» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
- Алтын лэнд компаниясы осы ОРдабасы ауданында жаңа заманауи толық 100 пайыз автоматтандырылған осы инновациялық жобаны іске асырып бастадық. Облыс әкімінің қатысуымен ресми басталу туралы шара өтті. Жобаның ерекшелігі, бұл жоба Қазақстанда теңдесі жоқ  жаңа жобалардың бірі. Себебі маусым айында ғана өткен екі ҚЫтаймен Қазақстан арасында форум болған. Сол форум аясында біз осы жоба туралы меморандумға қол қойып, обылс әкімдігі және қытайдың өндіруші компаниясы үштараптан меморандумға қол қойып осы жұмысты бастадық.