Шымкентте 2024 жылғы 21 қарашада «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. Мұндағы мақсат еліміздің барлық өңірлерінің қысқы кезеңде ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығын бағалау.
Республикалық штаб Ақмола облысы, Көкшетау қаласында орналасқан. Алғашқы күні Шымкентте "Энергоцентр-3" тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Сценарий бойынша турбиналық цехқа газ жеткізетін құбырға жарылысты қарастырды. Бұл өртке және қазандықтардың істен шығуына әкелді. Апат салдарын жою үшін Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің және басқа да азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді.