Шымкентте 60 мыңнан аса бақылау кассалық аппараты тіркелген. Қазір оның 2 мыңға жуығы ғана түбіртекті екі тілде шығарады. Яғни мемлекеттік және ресми. Ал кей кәсіпкерлер болса мемлекеттік тіл туралы заңын өрескел бұзып, тұтынушыға орысша жазылған түбіртекті шығарып береді.
Сауда орындарында, банктерде, әуежайларда, қоғамдық орындарда, дәмханалар мен мейрамханаларда, дәріханалар мен дүкендерде бақылау касса аппараты арқылы берілетін түбіртек қазақ тілінде басылуы керек. Алайда бізде бұл заңдылық талапқа сай орындалмай келеді.
ГҮЛАНАР АНАРБЕКҚЫЗЫ - ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Кез келген мейрамхана болсын, сауда үйіне барсаңыздар сіздерге міндетті түрде түбіртек береді. Бірақ ол түбіртекте бірінші орыс тілінде. ҚР тіл туралы заңынынң 21 бабында бірінші кез келген жарнама мәзір түбіртек бірінші мемлекеттік тілде тұру керек сосын барып орыс тілде болу қажет.
Шымболат Қабыланов азық-түлік дүкендер желісінің егесі. Ол бүгінге дейін түбіртекті орыс тілінде беріп келген. Оған кассалық аппараттың бастапқы бағдарламасы ресми тілде болуы себеп дейді. Енді заң талаптарына сәйкес есептеу құрылғысының микробағдарламасын өзгертіп, чекті екі тілде шығаратындай етпекші.
ШЫМБОЛАТ ҚАБЫЛАНОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
- Бізде қазір түбіртек екі тілде болғанда қалай орысша да, қазақша бар да ішінде. Товардың аттары қазақша жазылса қазақша шығады. Негізі бас жағы орысша басталады ғой енді. Программаның өзі орысша басталады. Енді кірісеміз. Ауыстырамыз.
Есептеу аппараттарын қазақ тіліне ауыстыратын қалада жалғыз сервистік орталық бар. «Сервисплюс» деп аталатын серіктестік бүгінгі таңға дейін екі мыңға жуық бақылау кассалық машинасының бағдарламасын өзгерткен. Бағасы да қымбат емес.
ГҮЛНАР САЛМЕТОВА – «СЕРВИСПЛЮС» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ
- Біз екі тілде енгізіп қойғанбыз. Қазақ және орыс тілінде. Заң бойынша барлық кәсіпкерлер істеуі керек. Көбісі оны істемеген. Тек орыс тілінде істеп жатқан. Қазір қанша кәсіпкер десеңіз 2 мыңнан асық есептелген барлығы емес. Біздің кәсіпкерлер айыппұл алғаннан кейін келеді осынай істеуге. Бұл көпте бағ атұрмайды 9000 тг. Прошивка 9000 теңге.
Жарнама мәтіндері, түбіртек, ас мәзірлері мен өнімдер туралы ақпараттың талапқа сай болуы тиісті. Осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда қалада 60 мыңнан астам кассалық аппарат тіркелген. Алайда кәсіпкерлер мемлекеттік тілді қолдап заң талабын орындауға асығар емес.
ЕРКІНБЕК АҒЫБАЕВ - МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- Бүгінгі таңда бізде 62 452 бақылау кассалық машинасы тіркелген. Тіл бойынша ҚР ӘҚБтК бар. Сонда 729 бабында жазылған. Қазақ тілінде түбіртек бермеген жағдайда біз кірістер органдары шара қолдана алмаймыз. Егерде түбіртек бермеген жағдайда 284 бап бар. сонымен әкімшілік шара қолдана аламыз.
Заң талабын орындамаған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту беріледі. Егер бұл қайталанса, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.