Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады. Залға 210 көрермен сияды. Жобаның құны – 1 миллиардтан асады. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары спорт кешенінің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, өңір басшысымен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, аймақты дамыту жолдары сөз болды. Аталған спорт кешенінде Қажымұқан атындағы №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасады. Бұл спорт мектебінде 1000-ға жуық бала жаттығып жүр.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Жылдың соңына дейін өте көп бізде нысандар. Былтырдың өзінде газ қосқан кезде қарадым 200 мыңдай халықтың газын қосып бердік. БЫлтырдың өзінде. Бізде 33 елдімекен, 93-94 мыңдай халық бар. Биыл 21,7 млрд ақша бөлініп газге соның 54-ін тапсырып жатырмыз. 112 нысан болса соның 54-ін тапсырып жатырмыз.