Қайтпас шағын аудандарының тұрғындары медициналық көмекке жүгіну үшін енді, орталыққа қарай шабылмайтын болды. Оларға жаңадан ашылған ASEM клиникасы қызмет көрсетпек. Соңғы үлгідегі заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған медицина орталығында тірек қимылы бұзылған балалар мен инсульттан кейінгі оңалту бөлімі жұмыс жасайды.
Жаңадан ашылған Asem клиникасы қайтпастықтарды медициналық көмекпен толықтай қамтамасыз етуге қауқарлы. Соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда күндізгі стационарда ем қабылдауға мүмкіндік бар.
Asem клиникасында маман тапшы, деген мәселе жоқ. Мұнда, ревматолог, терапевт, аллерголог, пульманолог, травматолог, гастроэнтролог, лор, невролог, онколог, маммолог, психолог, кардиолог, педиатр,акушер- гинеколог, стомотолог, офтальмолог, эндокринолог және де эндоскопист, массажист, рентгенолог дәрігері бар. Жоғары санатты, білікті мамандардан жасақталған құрам медициналық қызметтің барлық түрін көрсетуге әзір.
Апта ішінде медициналық орталыққа 2 мыңнан астам тұрғын тіркеліп, тексерістен өтіпті. Науқастар бүгінде ем-дом шараларын қабылдауда екен. Солардың бірі - Тұрарбек Жақыпов. Үйіне жақын жерден дәрігерге қаралып, қажетті емін алып жүрген қария жағдайының әлдеқайда жақсарып қалғанын айтады.
Asem клиникасының 40 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тірек қымылы бұзылған балалар мен инсульттан кейін оңалту орталығы жұмыс жасайды. Мұндағы білікті дәрігерлердің кеңесін клиникаға тіркелмеген қала тұрғындары ақылы түрде алуға да болады. Бұл ретте, заманауи құрал жабдықтардың көмегімен жан-жақты тексеріс жүргізілетінін айтқан ақ халаттылар бағасы қалтаға қонымды, дейді.