Биыл қазақ халқының атақты ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы – Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл! Түлкібас ауданында орналасқан тұлғаның есімімен аталатын мектепте Сәкеннің шығармашылық мұрасын зерттеп, көпке насихаттау мақсатында алқалы жиын, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға арнайы келген ғалымдар мен білікті педогогтер қайраткер шығармашылығы жайын терең қаузап, еңбектеріне жан-жақты талдау жасады.
 Сәкен Сейфуллин әдебиет ісіне де, қоғам мәселелеріне де белсене араласқан тұлға. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелерді көтеріп, «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық шығармасында сол кезеңдегі қоғам келбетін айқындады. «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» еңбектерінде туған даланың табиғатын, адам атаулының ішкі сезім күйін асқан шеберлікпен суреттейді. Осылай деген аудандық білім бөлімінің басшысы, Сәкен Сейфуллин шығармашылығы бүгінгіге үлгі, келешекке мұра, - дейді.
 ДОСЖАН ҚЫДЫРӘЛИЕВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 – «Бұл семинардың жалпы мақсаты осындай ірі тұлғаны кең көлемде насихаттау. Мектептің атауы да осы ұлы ақын есімімен аталады. Осындағы оқушылар мектептің атауы берілген тұлғаны жіті тануы керек. Ауданымыздағы барлық қазақ тілі мұғалімдері шақырылды қонақ ретінде.» - 01:27 // 576_1196 //
Конференцияға арнайы шақыртылған ғалым, Абайтанушы – Ақжол Қалшабек 20 ғасыр әдебиетіне кең көлемде шолу жасап, ондағы Сәйкен Сейфуллин рөлін айшықтады. Айтуынша, аталған алып ақын жазушы ғана емес, өзіндік орны бар қайсар күрескер. Сөзінше, ақын мұрасы жылдан жылға зерттеліп, ашылмаған қырлары анықталуда. Мақсат аясында, осы сынды ғылыми конференциялардың алар орны мен атқарар қызметі жоғары.
АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, ҒАЛЫМ
 – «Тікелей С.Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтерді анықтап қарайтын болсақ , олар тек социолизмді ғана жырлап кеткен жоқ. Оның астарында ұлттық мәселе бар. Олар ең бірінші өздерінің ұлттық арманын сол социолизм арқылы іске асырғысы келді ғой. Сондықтан да оның қадірі мен бағасы биік.» - 01:47 // 576_1194 //
Сәкен Сейфуллин есімін иеленген мектеп оқушысы Бағдат Керімжан – ақын өлеңдерін жаттап, шығармашылығына қанып өскен. Өзі де аға жолын жалғап ақын болуды аңсайды. Айтуынша, Сәкен Сейфуллиннің шығармалары жас буынға үлгі, бағыт-бағдар сілтеуші – темірқазық.
БАҒДАТ КЕРІМЖАН, ОҚУШЫ  
– «С. Сейфулин қазақтың ақиық ақыны. Оның сыр-сандығы көптің көңілінен шыққан. Ол алаштықтардың белді мүшесі. Қазақ АССР-інің төрағасы. Яғни пример минситр болып қызмет атқарған. Оның өлеңдері талай адамның жүрегін елжіреткен.»
Конфенерция жұмысы екі күнге жоспарланған. Ертең де жалғасын таппақ. Ғалымдар мен білікті педогогтер басын біріктірген іс-шарада зиялы қауым өкілдері ақын жайындағы тың ақпараттармен бөлісіп, шығармашылығына сараптама жасады.