Жұмыскерлердің мүдделерін қорғау, олардың құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі мен дауларын шешу – бұл кәсіподақ ұйымының басты міндеті. Осы мақсатта жұмыс жүргізіп отырған  «Қызмет» салалық кәсіподағы  мемлекеттік қызметкерлерден бастап банк мекемелері, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының басын қосып конференция өткізді. Жиында қандай мәселелер талқыланды? Алдағы сюжетте.

Еңбек қатынастарын реттеуде айрықша рөлге ие кәсіподақ ұйымының жылдан-жылға мүшелері көбейіп келеді. Соңғы 5 жылда 56 мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылған. Оларда жеке еңбек дауын шешу бойынша келісу комиссиялары құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Кәсіподақ ұйымының Шымкент қаласындағы филиалына мүше мекемелерде 5 жыл ішінде жазатайым оқиғалар орын алмаған. Сондай-ақ жалақы қарыздары да жоқ екен. Қызметкерлердің дамалыстары уақытылы жоспарланып, мүдделері мен құқықтары қорғалуда.

 Есеп беру-сайлау конференциясына бірлестіктің төрағасы арнайы қатысты. Шымкентте атқарылған  жұмыстарға  жоғары баға берген ол  еңбек дауларын шешу мен қызметкерлерді сауықтыру іс-шараларына тарту көрсеткішіне ерекше назар аударды.

Шымкент қалалық кәсіподақ филиалында 66 бастауыш ұйым бар, оларда жалпы 5 мың қызметкер мүше. Бүгінгі жиында «Қызмет» салалық кәсіподақ ҚБ 12 съезіне баратын Шымкенттен 3 делегат сайланды.