Балық өсірушілерге су тұтыну шығындары үшін субсидия төленуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында айтылды. Бүгінде шаруашылықты дамытуға қолбайлау боп тұрған бірқатар түйіткіл бар. Үкімет сол үшін салаға 120 млн теңге бөлмек. Сондай-ақ, кейбір су айдындарын балық өсірушілерге конкурссыз пайдалануға бермекші. Бұған кей депуттар күмәнмен қарады. Мәжіліс отырысынан Айя Мүтәлі тарқатады.  
 Жасұр Момынов балық шаруашылығын 1 жыл бұрын бастаған. Өнімін жергілікті дәмхана-дүкендерге сатып жүр. Алайда, әлі табыс тапқан жоқ. Кәсібін өрге домалату үшін керісінше әбден қарызданғанын айтады. Осылай жалғаса берсе, шаруашылықты жабуға тура келе ме алаңдап отыр.
Балық шаруашылығының мәселесі Мәжілісте қаралды. Заң жобасында инвесторлар үшін тиімді ұсыныстар қамтылған. Яғни, балық шабақтары мен жеміне бөлек субсидия қарастырылады. Сондай-ақ, шаруашылыққа қажет су бағасын төмендету үшін де арнайы жеңілдік берілмек.
 Ал шаруашылық ашу үшін 500 млн теңге құятын кәсіпкерлерге Каспийдегі су аумақтарын ешбір байқаусыз бөліп беру ұсынылып отыр. Депутаттарға заң жобасының осы тұсы күмәнді көрінді.
СНХ:  ЕРЛАН САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  
Сол инвесторларға балық шаруашылғы айдынын, яғни көлдерді конкурс өткізбей, тегін беру қарастырылған. Енді сол көлдерді конкурссыз тегін беру сыбайластыққа алып келмей ме? Ертең сол жерде конкурс өткізгендердің көкесі, құдасы жүрмей ме?

Балықты шаруашылықта өсіру бөлек, су айдындарында аулау өз алдына бөлек мәселе. Қазір браконьерлерге қарсы күресті күшейту қиынға соғып тұр. Себебі, салада су инспекторлары тапшы. Бұрын 700 инспектор жұмыс істесе, қазір оның саны 300-ге дейін қысқарған. Мамандар соның кесірінен заңсыз аулау, су айдындарын ластау жағдайлары жиілегенін айтады.