Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Қоғамның өзегін жегі құрттай жеген келеңсіз жағдайлар өскелең ұрпақтың өзегін өртейді. Студенттер осы мәселені «Адалдық-адамдық белгісі» атты қалалық ән және мәнерлеп оқу сайысында өлеңмен өрнектеп жеткізді.
Жалынды жастардың кіршіксіз көңілі әділетті қоғамды аңсайды. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жиіркенішпен қарайды. Оны өскелең ұрпақтың шығарған өлеңдерінен байқауға болады. Байқауда шырқалған әндер де адалдық, шындық, отан жайында болды.
ӘСЕЛ МАЛИКОВА, САЗ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
-Осы конкурсқа мен Туған жерге толғау деген әнімді арнадым. Осы конкурсқа келген себебім жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақырғым келеді. Өз үлесімді қосқым келеді.
Бұл конкурстың өтуіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мұрындық болған. Жобаның мақсаты айқын. Жастарға мемлекеттің іргесін сөгетін өзекті мәселені ұғындыру.
НҰРТӨРЕ ҚАЛДЫБАЕВ, ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Департамент әр целевой группалармен жұмыс істеп олардың жас және кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып әртүрлі нысаналы топтармен әртүрлі акциямен байқаулар өткізіп жатырмыз.
«Адалдық-адамдық белгісі» атты қалалық ән және мәнерлеп оқу сайысы 8-ші қазаннан 19-шы қараша аралығында өткен. Қатысушылар 14-16 жас 17- мен 21 жас аралығында екі топта сынға түсті. 38 өнерпаз бақтарын сынап, өзара мықтыларды анықтады.