Мегаполистегі мектептерде былық көп. Кәмелет жасына жетпей жүкті болу қалыпты жағдайға айналған. Оқушылармен жасалған қылымыс саны артқан. Тәрбиеге бей-жай қарау, ұстаз  шәкіртін сабау оқиғалары да тиылар емес. Бұл мәселелер Білім басқармасының 10 айдағы қорытындысы бойынша берілген есебінде айтылды.     

 Жыл басынан бері  3 оқушыда ерте жүктілік фактісі анықталған. Мектептегі баланың ана атануы жылдағы жағдайға айналған. Оқушылар арасындағы қылмыс көрсеткіші  күрт өскен. Өткен жылы 120 қылмыстық оқиға тіркелген болса, биыл  142 қылмыс орын алыпты. Осы жылдан бастап қылмыстың алдын алу үшін жаңа жобалар қолға алынған. Алайда, нәтиже көңіл көншітпейді.

 ГҮЛНАР ДӘРІБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ МІНДЕТІН  УАҚЫТША  АТҚАРУШЫ
- Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша биыл заң жобасын мектептерге ендірдік Есепте тұратын оқушыларға құқықтық оқыту жұмыстары жүргізілген.

Мұғалімдер тарапынан оқушыға қысым көрсету деректері де азаймаған. «Әсіресе жекеменшік бала бақшалар мен мектептерден арыз көп түседі», - дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз  ету  департаментінің  басшысы Рыскелді Әліш.

РЫСКЕЛДІ ӘЛІШ,   БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСШЫСЫ
  Ол жерде завуч оқушыға қысым көрсеткен. Сонымен қатар 41 мектептің заучі оқушыға қол көтерген.

Алқалы жиында жекеменшік мектептерге мемлекеттен дұрыс көңіл бөлінбей жатқандығы да сөз болды. Оқушыларды кітаппен қамту, жағдайы төмен отбасы балаларын тамақтандыру кәсіпкерлерге қиындық тудырып келеді екен.  Аталған мәселелердің шешу жолы сала мамандарымен жан-жақты талқыланды. Айтып өтейік, жалпы Шымкентте 1015  білім  ұйымы  жұмыс  істейді. Оларда 423 508 бала білім алып келеді.