Tulip hall сахнасында Шәмші әндері әуеледі. Лирикаға толы ырғағымен қалың қазақтың жүрегінен орын алған сазгердің шығармашылығына арналған кеште вальс королінің 50 жуық әні ұлт аспаптар оркестімен орындалды. Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармония әртістеріне шабыт берген көрермен композитордың әндерін қосыла шырқады.
 Ш. Қалдаяқовтың шығармалы көзі тірісінде-ақ, қалың қазақтың жүрегінен орын алып үлгерді. Арыс жағасында, Жұбайлар жыры, Әнім сен едің, Туған күн, Ақ бантик, Қайықта, Ана туралы жыр әндері сиясы кеппей жатып халық арасында кеңінен таралды. Сазгердің лирикаға толы әндерін сағынған көпшілік бұл кешті көптен бері күткендей-ақ.
Шығармашылық кеш шымылдығы Отырардағы той әнімен түріліп, ұлт аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен сазгердің ел аузында жиі айтылып жүрген әндері шырқалды.
Қазақ вальсі королінің 300-ге жуық әні бар деседі. Алайда, өнертанушылар одан да көп болуы мүмкін екенін алға тартуда. Соның бірін Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі Наркенже Серікбаева шырқасам деген ниетте екен.
Қазақ даласын әнімен тербеткен сазгердің отаншылдық нотасын тап басқан Менің Қазақстаным әні жастардың ұранына айналды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін айтқан. 2005 жылдан бастап  «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні болып бекітілді.