Есірткіге қылмысына қарсы күрес тоқтамайды. Ал бұл істе алдын-алудың маңызы зор. Әсіресе жастар арасында нашақорлыққа, ойынқұмарлыққа қатысты профилактика жұмысы жиі жүргізіледі. Кезекті іс-шара студенттердің Прокуратура мен Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу форматында өтті.
Жиын алдымен арнайы бейнероликпен басталды. Есірткі қылмысына қатысы бар жазасын өтеушілер тарихын баяндап берді. Түрменің суық аурасын сезіндіруге тырысты.
 БАУЫРЖАН ҚАРБЕКОВ, ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Қылмыс істеп бас бостандығынган айыру орындарында жатқан 19-20 жасар азаматтар 10-20 жылға дейін сотталып кеткен. Олар айтады. Ертең бостандыққа шыққанда қалай болады? Қоғамға қалай бейімделемін, не істеймін деген сұрақтар толғандырады, ойландырады дейді. Сондай нәрселердің алдын алу қажет. Осы мақсатта алдарыңызға келіп отырмыз.
ЕРЛАН СӘДІКОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өзіміз есірткімен айналыспасақ та қоғам болғасын әртүрлі азаматтар болады. Достарымыздың, туғандарымыз бен таныстарымыздың арасында осындай заңсыз іспен айналысатындар болуы мүмкін. Соларға ескертіп жүрсеңіздер. Оның жазсын біліп, зиянды салдарын айтсаңыздар.
 "Заң сіз бен бізге ортақ" тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесудің мақсаты айқын. Ол жастар арасында заң бойынша сауатты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
МАРАТ СЫПАТАЕВ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БАСШЫСЫ 
Шымкент қаласы астарының арасында нашақорлық, лудомания деген сияқты қоғам дертімен күресу, профиликатикалық алдын алу мақсатында өтіп жатыр. 500-ге жуық студентті шақырып, Прокуратура мен полиция департаментінің қызметкерлері келіп оның зиянын, қандай жаза барын айтып, жастарға түсіндіріп жатыр.
 Кездесу барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамда таралған лудомания мәселелері, интернет алаяқтық түрлері мен оның алдын алу, нашақорлықпен күрес және құқықбұзушылық тақырыптары жан-жақты талқыланды.
БАЛНҰР ҚАДІР, СТУДЕНТ
Есірткіге тәуелдікілік бойынша жиын өтіп жатыр. Мұнда оның зиянынан бөлек, жазасы да айтылды. Тәртіп пен құқықтық тұрғысы талқыланды. Зияныды жақтарын барынша жеткізген сайын санамызға сіңенді деп ойлаймын. Сондықтан осындай жиындарға көп қатысқанымыз жақсы.  
 Спикерлер жастармен ашық диалог жүргізіп, өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.