Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осыған орай 29 қараша күні мегаполисте салтанатты жиын өтеді. Отыз жыл – тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, мемлекет үшін маңызды кезең. Осы жылдар ішінде халық қалаулылары елмен бірге өркендеу мен дағдарыс кезеңдерін бастан өткеріп, демократияны нығайтуда, аймақтық экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарды.
Шымкент қаласының жылдық бюджеті 2000-шы жылдары 4 миллиард теңге болған. Шаһар территориясы шағын, халық саны 600 мыңнан сәл-ақ асады дейді 1999 жылғы екінші шақырылымдағы мәслихаттың депутаты Хайрулла Сәрсенов. Ол кезде қаланың экономикасы әлсіз, халықтың әл-ауқаты төмен болатын деп, еске алды бұрынғы халық қалаулысы.
ХАЙРУЛЛА СӘРСЕНОВ – ЭКС-ДЕПУТАТ
- Әсіресе осы энергетика саласында өте ауыр хал ауыр болды. СОнымен біздің енді өзекті мәселе бюджет мәселесі. Сол кезде қаланың бюджеті 4 млрд ақша болды. Соны жектізу деген өте ана жаққа тартса мына жақа жетпейді сондай мәселелер туындаған. Кейін біраз гос службада істейтін қызметкерлердің, мүғалімдердің айлық уақытылы төлей алмайтын уақыттар болды.
Ал 2007 жылы қоғамдық көлік мәселесі мен инфрақұрылым проблемалары оңтайландырылыпты. Дәл осы жылы қала бюджетінің тепе-теңдігі байқалып, бюджет шамамен 50 миллиард теңгеге жеткен. Осылайша экономикалық көрсеткіш қарқын алған. Тұрғын үй құрылысы да ІҮ шақырылымдағы депутаттардың тұсынан бастау алыпты.
НҰРИДДИН ЖАРБОЛОВ – ЭКС-ДЕПУТАТ
-Қазіргімен салыстырғанда өте көп төмен. Бірақ соны тиімді, керекті нәрселерге жұмсау деген сияқты көп қаралды. Оның үстүне депутаттар барынша принцип өте жоғары ұстады. Қажеттілік жерге ғана ақша бөлу, ол этаптардың барлығы мықтап қадағаланатын тұғын. Барлық комиссиядан өтіп, мақұлданып одан кейін барып шешім қабылданатын тұғын. Осындай орынды керекті жерге жаратудың арқасында біз біраз табыстарға жеттік. Біз көбнесе қарйтын инжинерлік инфрақұрылымдар ғой. Солардың бастамасысол кезде басталды. ҚАланың бас жоспарын бекіту, оның инженерлік комуникацияларын қарау, осы төртінші шақырылымда көп жұмыстар атқарылды.
Ал қалалық мәслихаттың ІІІ шақырылымдағы экс депутат Гүлнар Құрманбекова 2003 жылы 29 халық қалаулысы мандат алғанын айтады. Олар, әсіресе, қаладан шалғай орналасқан елідмекендерге назар салып, инфрақұрылымды проблемаларын шешуге атсалысқан.
ГҮЛНАР ҚҰРМАНБЕКОВА - ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНСАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ, ЭКС-ДЕПУТАТ
- Халық ол уақытта елдің болашағына үлкен сеніммен қарап бізге су болса, газ келсе бізге свет жарығы келсе балабақша балалар ойнайтын алаң болса, шұрық-теісік жолдарымыз түзелсе деген осында бір сұрақтармен армандармен келіп жататын. Сол кішкене қаражатты бітіріп, халықтың сұранысын бітіріп жататынбыз.
Қала халқы санының артуына және жаңа ауданның құрылуына байланысты жаңадан сайланған мәслихаттың сандық құрамы артты. Бұған дейін 30 болса, қазіргі уақытта бұл құрамға 32 депутат кіреді. Партиялық тізімдер бойынша сайланған 16 депутат, оның ішінде: «AMANAT» партиясында 11 мандат, «Ақ Жол» партиясында 3 мандат, «Ауыл» партиясында 2 мандат. 16 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды.