Шымкент қаласының тұрғыны Артық Досалиев Қазақстан рекордын жаңартты. Ол салмағы 120 тонна болатын 5 вагонды жалғыз өзі сүйреді. 52 жастағы спортшы мұндай тәуекелге бір жыл бойына дайындалыпты.


Артық Досалиев жүк пойызының вагондарын 20 метрге дейін сүреуге ниеттенген екен. Нәтижесінде 21 метр 40 сантиметр жерге дейін жылжытты. Күш атасы Қажымұқанның ізін жалғаған спортшы бұл жетістігін Жеңістің 80 жылдығына және ел Тәуелсіздігі жолында жанын қиған батырлар мен ұлы тұлғалардың ұлы істеріне арнап отыр.


АРТЫҚ ДОСАЛИЕВ, ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ, ЕВРОПА ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Бұл менің ақырғы рекордым емес. Ендігі жылы Жеңіс қарсаңында 6-7, 20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын. Алдымызда тағы да грузовой «Бойнгтар» сүйрейміз, Ақтауға барып танкер сүйрейміз.


Пойыз вагонын сүйреп, көзге түсу дерегі бұған дейін де елімізде тіркелген. Алайда, Артық Сапарәліұлының артықшылығы 120 тоннаны құрайтын 5 вагонды қатарынан сүйреуінде, дейді Қазақстандағы рекордтар кітабының ресми өкілі. Яғни вагон саны мен салмағы жағынан да артық.


БАҚЫТЖАН ТАСТҮЛЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Әлем рекорды болатынын, болмайтынын оны ешкім білмейді. Неге десеңіз, ол үшін ақпаратты көру керек. Мүмкін болған шығар осындай рекорд. Оны біз зерттеп көрген жоқпыз. Ал енді мынау Қазақстанның жаңа рекорды.


Артық Досалиев пауэрлифтнгпен үш жылдан бері айналысып келеді екен. Осы аралықта 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Европа және 8 дүркін Азия жүлдегері атанған. 52 жастағы спортшы әлі талай рекорд жаңартуға ниетті.