Шымкентте тоғызқұмалақ пен Weiqi ойындарының үздіктері анықталды. Бірлік пен татулықты дәріптеген сайысқа 39 үміткер қатысып, жеңімпаз деп танылғандарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйақы табысталды.


Тоғызқұмалаққа бас аяғы 26 жасөспірім қатысса, Қытайдың мың жылдық тарихы бар Weiqi ойынында 13-і бақ сынады. Көшпенділер саясатындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы танымалдылық шекарасын ұлғайту мақсатында ұйымдастырылған сайыс тартысты өтті. Бұдан бөлек, дәл осы ойын түрлерінен спорт шеберлері арнайы келіп, шеберлік сағатын өткізді. Ал, жарыстың ең маңызды сәті – тоғызқұмалақтың комбинациясы енгізілген жасанды интеллект қатысушылармен ойын алаңына шықты.


 ҚАЙРАТ АЙТБАЙ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Ауызбіршілікте болуда, көршілес елдер мен қалай тату тұратын болсақ, оның пайдасы қандай, қандай экономикалық, рухани, әдеби-мәдени жетістікке жетуге мүмкіндігіміз көп. Былай айтқанда ұрысқаннан көрі, тату болып, жетістікке елімізбен бірге көршілес елмен бірге жетістікке жетуіміз. Мақсат сол.