Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің студенттері «Worldskills Turkistan-2025» кәсіби шеберлік чемпионатында биіктен көрінді. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған байқауда колледж студенттері 9 құзіреттілік бойынша қатысып, кірпіш қалаудан жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер марапатталып, сый-сияпат табысталды.
Нұрдаулет Жалалов WorldSkills байқауының өңірлік іріктеуінен сүрінбей өтіп облыстық чемпионатта үздіктер қатарынан көрінді. Одан соң Маңғыстау өңірінде өткен «Dalaskills-2025» республикалық шеберлік сайысында бірінші орын иеленіп, кірпіш қалаудан үздік атанды.
НҰРДАУЛЕТ ЖАЛАЛОВ, «DALASKILLS-2025» ӨҢІРАРАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Жарыс Маңғыстауда каспидің жанында киіз үйдің ішінде болды. 7 адам болып қатыстық. Модульдерге келетін болса, бірінші болып шов пен замерге қарайды, тегістігіне қарайды. Қисайып кетуге болмайды Олай болса минус бал алып қалады. Кірпіш қалау құзреттілігі. Мешіттің күмбезін істедік. Менікі барлығы шофппен размермен әдемі болып жақсы шықты. Содан орнын алып кеттім. Эксперт апайдың баласын Одан соң Шудан келген жігіт көзбен атып ештеңе қоймай тегістемей солүшін қисайып кетті. Қызылорданікі де болмай қалды. Тараздікі асықпай олда көзбен ұрды. Мен даындалып барғанымын шов шовымен, размерімен.
Оқу ордасының студенттері WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаттарына жылда қатысып келеді. Білікті ұстаздардың шеберлігінің арқасында студенттер облыстық, республикалық сайыстарда тек үздіктер қатарынан көрініп отыр.
ГҮЛЖАН МАМЫРОВА, ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ
Қазіргі кезде 2 студентім екі облысқа барып келіп отыр. Біріншісі Нұрболат Баяшат «Worldskills Turkistan-2025» чемпионатына кірпіш қалау құзреттілігінен бірінші орынды алып өз еңбегімен алға шығып отыр. Екіншісі Жалалов Нұрдаулет Маңғыстау облысындағы «Dalaskills -2025» кірпіш қалау құзреттілігі бойынша чемпионатқа барып жүлделі бірінші орынға ие болып келіп отыр. Қатысқан 8 облыстан келген құрамның ең үздігі атанды.
Түркістан қаласында өткен кәсіби шеберлік байқауына Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі 9 құзыреттіліктен қатысқан болдатын. Студенттер кірпіш қалау, авто, бизнеске арналған ІТ шешім шығару бойынша салалық жүлделі орынға ие болды.
ҚАНАТ ЫБРАЙЫМҚҰЛОВ, ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің студенттеріміз кірпіш қалау бойынша Республикада өткен жылы 2 орынды алып отыр. Қазір EuroSkills іс-шарасна қатысып жатыр. Еуропа чемпионатына қатысып жатыр жұмысшы мамандықтары бойынша. Осы жұмысшы мамандықтар жылына орай студенттерді ынталандыру үшін материлдық сыйлық беріп жатырмыз. Ары қарай балаларға ұлкен мақсат қойып отырмыз Республикалық чемпионатта биіктен көрінуіне ықпал жасау үшін.
Айта кетейік, республикалық іріктеу чемпионатында жүлделі орын алған студенттер күзде Дания елінде өтетін әлемдік кәсіби шеберлік байқауында бақ сынасатын болады.