«Оңтүстік жарық Транзит» мекемесінің қызметкері арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға 5 команда, 70-ке жуық қызметкер қатысып, жүзден жүйрікті анықтады.
Турнирдің ауқымы кең, қатысушылары көп. Сәуір айында өткен іріктеу ойындарына 24 команда қатысып, сыннан сүрінбеген 5 мекеме финалдық сайысқа жолдама алған. Басты мақсат ұжымдық ұйымшылдықты ұштап, салауатты өмір салтын дәріптеу, - дейді ұйымдастырушылар.
АЙДАР МАХАМБЕТ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
– «Бұл енді өзінің жалғасын Қарағандыда табады.» – «Қарағанды бар, Маңғыстау бар. Оңтүстіктен біз барамыз. Іріктеліп шыққандар арасында Республикалық сайыс өтеді. Бұл соған дайындық ретінде» «Бұл негізі қызметкерді жігерлендіру болып табылады. Яғни, олардың өзара байланысын нығайту.»
Әр команда төрт ойын өткізіп, ұпай жинады. Жүлдегерлер жеңіс саны мен жалпы ұпай қорытындысына сәйкес бағаланып, кіл мықтылар анықталды. Ешбір матчта мүдірмей, қарсылас шақ келтірмеген Сайрам ауданы электр жүйелері мекемесі алға озып, турнир көшбасшысы атанды.
ҒАБИТ ПІРМАН, КОМАНДА КАПИТАНЫ
– «Төрт ойын болды. Төрт ойынның үшеуінде жеңіп, біреуінде тең түсіп, гол айырмашылығы бойынша жеңімпаз атандық.» «Бұған дейін біз Сайрам ауданында командамен дайындалдық, бүгін міне соның нәтижесін көріп жатырмыз.»
Серік Нұрбеков – жарық саласында 50 жыл қызмет атқарған құрметті ардагер. Спорттық сайысқа арнайы келіп, көрермен болған азамат: «жарыс деңгейі жыл санап артып келеді. Бұл ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, достық қарым-қатынасты арттырады», - дейді.
СЕРІК НҰРБЕКОВ, АРДАГЕР
– «Бір-бірімен танысу. Бір-бірін білу. Тек жұмыста ғана емес, жұмыстан тыс та»
Жарыс жүлдегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, көшпелі кубокқа иелік етті. Жеңімпаздар енді Қарағанды қаласында өтетін республикалық сынға жолдама алып, Оңтүстік намысын қорғайды.