Шымкенттегі асфальт-бетон зауыттарының көпшілігі өнім шығаруға дайын емес. Ұлттық сапа орталығы өндіріс ошақтарының дайындығын зерттеп, сапа стандарты мен ережелеріне сәйкестігін тексерді.


Жолдың ұзақ мерзімге төзімді болуы асфальт-бетон шығаратын зауыттарға тікелей байланысты. Егер өнім белгіленген стандартқа сай болса, жол тек тегіс қана емес, берік те болады. Технологиялық процестердің сақталуы сапаға тікелей әсер етеді. Мамандар Шымкенттегі 18 асфальт-бетон зауытының жұмысын зерттеп, тексеру жүргізді. Нәтиже көңіл көншітпейді. Бесеуі ғана өнім шығаруға дайын екені анықталды. Қалғандарына түсіндірме жүргізілді.


 ЕРЛАН ТӨРЕБАЕВ, «ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК ШҚФ МАТЕРИАЛДАР БОЙЫНША ИНЖЕНЕРІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловтың тапсырмасына орай, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШҚФ қаламыз аумағында орналасқан 18 асфальт-бетон зауытына зерделі түрде тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде қаламызда орналасқан 5 асфальт-бетон зауыты асфальт-бетон өнімдерін шығаруға дайын. Ал қалған 13 зауыт дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.