Мәнерлеп сырғанаудан «Shymkent skate 2025» турнирі басталады. Бес күнге жалғасатын халықаралық жарыста еліміздің 10 өңірінен 200-ден аса спортшы, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан тағы екі команда бақ сынайды.


Өзбекстандық спортшы Самина Нурмухаммедова мәнерлеп сырғанаумен 2 жылдан бері айналысады. Халықаралық жарысқа тыңғылықты жаттығып, жан-жақты дайындықпен келген. Жарыста Б-тобының спортшылары өнер көрсетеді. А тобынан төмен саналатын санат – тәжірибесі толысып үлгермеген конкишілерді қамтиды. «Бұл біз үшін көзге көрініп, деңгей арттыратын сайыс» дейді ташкенттік сырғанаушы.


САМИНА НУРМУХАММЕДОВА, СПОРТШЫ

«Мәселен менің бірнеше жарақатым бар. Мен физикалық тұрғыда А тобында өнер көрсетуге дайын емеспін. Бірақ, бұл спорттан шет қалу деген сөз емес. «Shymkent skate» сынды турнирлер мен секілді спортшыларға мүмкіндік сыйлап, тәжірибе толыстыруға жағдай жасайды. Б санаты А санатына қарағанда жеңілірек, сондықтан да мен мұнда біліктілік ұштап, алдағы сайыстарға дайындық өткіземін.»


Жарыс алда өтетін ірі халықаралық турнирлерге дайындық. Өңір-өңірден келген спортшылар шетелдік саңлақтармен тәжірибе алмасып, біліктілікті ұштайды.


ЕРМЕК ДАРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «Алда өтетін ресми жарыстарға үлкен дайындық ретінде өткізіліп отырған турнир саналады бұл бәсеке.» «Мұның негізгі мақсатты спортшылардың дайындығын шыңдап, үлкен жарыстарға дайындық жасау.» 


Жарыс жеңімпаздары мен жүлгерлері 7 мамыр күні анықталып, марапатталады. Басқарма өкілі аталған турнир шаһардағы қысқы спорт ойындарын дамытуға бағытталған нақты қадам екенін айтады.