Футболдан еліміздің премьерлига командаларының 7- турдағы ойындары аяқталды.Атырау қаласында жергілікті Атырау командасымен күш сынасқан Ордабасы командасы 1-2 есебімен ұтты.
Алма кезек шабуылмен басталған ойынның 37 минутында кезекті бұрыштама беру кезінде Атырау қақпашысы допты қайтарғанымен Ұлттық құрама ойыншысы Сергей Малый Еуропа стилінде қайыра соғып, тамаша гол салды. Есеп 0-1. Команданың алға шығуынан кейін қонақтар жалпы команда болып есепті ұлғайту үшін алға ұмтылды. Екінші таймда да мықтылық танытқан «Ордабасы» командасының сенімді ойыншысы Сұлтанбек Астанов өз шеберлігінің арқасында айып алаңынан теуіп есепті 0-2 жеткізді. Алаң иелері есепті өзгертуге орай жасаған көптеген шабуылдарының бірінде «Ордабасы» командасында ойнаған Мейрам Сапановтың шеберлігімен есеп айырмасын қысқартты. Есеп 1-2. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді. Турнир кестесінің көшін әлі бір рет жеңіліс көрмеген Алматының «Қайраты» мен «Астана» командалары бастап келеді. Енді жерлестеріміз көрші Қызылорданың «Қайсарын» қабылдайды. Матч тартысты өтуі мүмкін.