200-ге жуық ерікті азмат велошеруге қатысып, 100 шақырымды артқа тастады. Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен марфон Шымкент – Ташкент тас жолында өтті. Мегаполистен басталған бағыт Жібек жолы кеден бекетіне дейін жалғасып, велосипед тізгіндеген белсенділер белгіленген межені 4 сағат көлемінде бағындырды. Басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа баулу, - дейді ұйымдастырушылар.
60 жастағы Бауыржан Жаңбыршин марафонның ең егде қатысушысы. Велошеруге тыңғылықты жаттығып, бір ай дайындық жасаған. Жастарға жөн сілтеп, үлгі көрсеткен азамат: «көздегенім алға озу емес, жас өрен санасына сілкініс жасап, спорттың ұшан-теңіз пайдасын дәріптеу» - дейді.
БАУЫРЖАН ЖАҢБЫРШИН, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ
– «Деніміз сау болсын! Әрқашан осылай шынығып жүре берейік. 60-қа жақындап қалдық. Бір мезгіл велосипед айдап, жастармен бірге жаттығып тұрамын.»
Мұндай үрдіс бұқаралық спорттың етек жайып, кең таралуына көмектеседі. Сондықтан да велошерудің мәні мен маңызы жоғары. Осылай деген қала әкімінің орынбасары спортшыларға сәт-сапар тілеп, бұқаралық спорттың дамып келетінін айтты.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ,РЕСМИ ӨКІЛ
– «Біздің елімізде бұқаралық спортқа жақсы мән беріледі. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтып жүреді.» «Мұндай үрдіс біздің Шымкентте де жалғасын тауып келеді. Велоспортқа жағдай жасалған. Арнайы жолақтар салынған.»
Велошеруге қатысушыларға арнайы жағдай жасалып, жол бойы сүйемелдеу, бақылау жұмыстары жүргізілді. Егер спортшы марафонды тоқтатуға шешім қабылдаса, оны арнайы автобусқа отырғызып, денсаулық жағдайын қадағалайтын мамандар тағайындалған.