Шымкенттегі бірнеше денсаулық сақтау нысаны қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. 2020 жылдан бері 10 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін қазынадан 7 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Ал биыл екеуі қайта жаңғыртылады. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жұмыстардың барысын басқарма басшысы арнайы көріп, қадағалады.


 №1 Қалалық клиникалық аурухана 1982 жылы бой көтерген. Ескі ғимаратты 2 миллиард 941 млн теңгеге жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын басталған болатын. Қазіргі таңда жауапты мердігер мекеме сылақ және сырлау, есік, терезе блоктарын ауыстыру сияқты бірқатар істерді жасап жатыр. Сонымен қатар бұл ауруханада Қызылорда, Түркістан, Тараз қалаларынан табылмайтын литотриптер құрылғысы қайта жөндеуден өткізіліп, бүйрегінде тасы бар науқастарға оңтайлы ем қолдануды жолға қойған.


БОЛАТ БЕРДІБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мамыр айында құрылыс жұмыстар аяқталып толық қолдануға беріледі. Техникалық қамтылғаны 92 пайыз болып тұр. Литотриптер болса 2012 жылғы, оны кезінде 28 млн ға жөндеттік.Былтыр 140 науқас ем алды, 2025 жылы 270 адам емделді.


Ал 1980 жылы салынған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жөндеу жұмыстары былтыр басталған. 10 бөлімнен тұратын аурухананың 7 бөлімі қолданысқа берілді. 3 миллиард 722 млн теңгеге қайта жаңартылып жатқан ғимаратқа заманауи жабдықтар орнатылып, кислород жүйесі де жүргізіліпті.


БОЛАТ БЕРДІБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

20 жылы ковидтің кезінде көп науқастарды қабылдаған аурухана.Талап бойынша кислародный консульдар болуы керек.Ковидтің кезін ескере қажет ететін палаталарға орнаттық.Құдай сақтасын осындай толқындар келсе біз әзір екенімізді айтамыз


 Бұл аурухана қараша айында толық қолданысқа берілмек. Сондай-ақ биыл жоспарға сәйкес, қалалық перинаталдық орталық, №10 қалалық емханасы, онкологиялық бөлімшесі бар қалалық көпсалалы аурухана сияқты бірнеше нысан қайта жаңғыртудан өтпек.