Жеңістің 80 жылдығы елге рух берген тарихи белес. Атаулы датаның қарсаңында тыл еңбекккерлерінің еңбегі мен өмірі жайлы сыр шертпекпіз. Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан қайсар жандармен әріптесім Әсел Ерболқызы тілдесіп қайтты.


 Тарих беттерін ақтарсақ, екінші дүние жүзілік соғыстың отты жылдары еске түседі. Бұл оқиға бүгінде сабырмен айтылғанмен, ажалдың отын шашып тұрған 1941-1945 жылдар қорқынышты кезең еді. Ол уақытта тылдағы азаматтардың еңбегі зор болды. Буындары бекіп, омыртқалары қатпаған жас буынның балалық шағы тер төгумен өтті. Ал болашағы бұлыңғыр еді.


89 жастағы Захира апа Шәуілдір ауданының тумасы. 1952 жылы Ташкентте оқуын аяқтап, Жілікті ауылына мұғалім боп жұмысқа тұрып, сол жерде 36 жыл аянбай еңбек етеді.


ЗАХИРА БЕКМҰРЗАЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

 7 классты бітіріп, 1952 ж Ташкент пед.училищені бітіріп, Өзіміздің ауыл Жілікті деген ауыл мына жердегі. Шәуілдір ауданындағы. Сол жерде туып өскемін. Сол жерге мұғалім боп келдім. Ол жерде соғыстан кейін оқыған жастар жоқ еді.


 Бүгінде қария 3 қыз, 3 ұл жеткізген. Десе де сұм соғыс есіне түссе ақ жаулықты ананың бір жылап алатыны бар.


ЗАХИРА БЕКМҰРЗАЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Соғыстан келгендердің үйінде той болатын, Бала шаға,ауыл аймақ жиналады. Сол кезде мен менің әкем келмей қалды деп солқылдап жылап тұратынмын, сезімім сол. Солқылдап жылап, бұлардың бәрі келді, менің әкем келмей қалды дщеп жылап тұратынмын. 


 Ал Маржан Махмудованы 6 жасында отбасымен бірге Грузиядан күштеп қоныс аудартқан. Тағдыр тауқыметін тартқан ардагер соғыс жылдары зауытта жұмыс істеп, тылда жан аямай еңбек етті.


МАРЖАН МАХМУДОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Адамдар жылап жатыр, топырлатып бәрін машинаға тыға берді адаамдарды, ертең келесіңдер деп ешнәрсеге қаратпады. Солдаттар мылықпен итеріп итеріп мінгізеді.  Аш жалаңаш ашинаға мінгеннен кейін неғылады енді. Өліп жатқандар бар, жаурап жатқандар бар. Нан алғанндар бөліп жеп, тірі қалғандары жетті осы жерге


Еңбеккер соғыстың теперішін көп көрген. Қалың елді қасіретке салған сол уақытта оны қазақ халқы құшақ жая қарсы алыпты. Дана халықтың бұл жақсылығын ешқашан ұмытпаймын дейді ол.


МАРЖАН МАХМУДОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Алдын олар бізден қорықты адам жейтін адамдар екен деп. Кейін-кейін үйренгеннен кейін, осындай бауыр боп кеттік қой кәдімгі бауырдай.


Ақ жаулықты ана 13 жасынан бастап колхоз жұмысын белсене атқарған жандардың бірі. Ол кездің жастары елінің нағыз патриоты еді деп еске алды. 90 жасқа таяса да өткен шақты ұмыту кейуанаға оңай емес.


МАРЖАН МАХМУДОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

 13 жасымнан бастап совхозда істедім. 4 классты бітірдім да, ары қарай жалғастыруға жағдай болмады. Тамақ жоқ, киім жоқ. Сонан кейін барып, жаңағы совхоздың жұмысына араласып кеттім. Апаммен бірге жүріп, бидайға да істедік, мақтаға да істедік. Істемегеніміз қалған жоқ. 


Қан майданда от кешкен батырлардың қатары сиреп барады. Аман-есен елге оралғандардың 111-і ғана бүгінде тірі. Оның 40 мыңға жуығы тыл еңбеккерлері. Майдан мен тыл деген жай аты ғана. Жеңіс үшін бірі мылтықпен, енді бірі мылтықсыз күресті. Алайда, екеуі де жанкешті шайқас еді.