«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қайнарбұлақ шағын ауданында жалғасты. «Ауыл» париясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған тазалық шарасында жастар қанаты елді мекендегі көл жағасын күл-қоқыстан тазартып, қураған шөптерді шығарды.


«Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Таза 25 шақырым» экологиялық акциясы аясында Қайнарбұлақ көлінің бойы тазартылды. Белсенді жастар қыс бойы қар астында қалған қоқысты жинап, жағалауды ретке келтірді.


 ДІНМҰХАММЕД ЕРГЕН, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

«Таза Қазақстан біз үшін жәй ғана ұран емес, бұл өмір салты. Бұл сенбілік бір ғана сенбілік емес, мәдениет, дәстүр ретінде қалыптастыруымыз қажет. Қазір біз, Шымкент қаласы бойынша жастар болып Қайнарбұлақ елдімекеніне келіп, осы жердің көлін тазалап жатырмыз. Бұл студенттерге, жастарға тәрбие жұмысы деуге де болады»


 Бірнеше шақырымға созылған тазалық жұмыстарының нәтижесінде көл бойы өзгеше кейіпке енді. Сенбілікке партия мүшелері де атсалысып, қала тұрғындарын табиғатты қорғап, ластамауға шақырды.


ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 «Өзіміздің жеріміз болғаннан кейін, қолынан келген адам аз болса да артынан тазалап жүрсе біздің Қазақстанның экологиясы да өзіміздің денсаулығымызға да пайдалы, жастарға да тәрбие болар еді. Мына жерді үстінен қарасаң бәрі таза сияқты. Алайда, шөптің арасына басыңды сұқсаң, енді қоқыстың бәрін тастайды. Халыққа да экологиялық мәдениетті үйрену керек».


Қайнарбұлақ көлінің бойынан басталған тазалық шарасы түс ауа Бадам тас жолында жалғасты. Белсенді жастар осылайша бос уақыттарын тиімді өткізе отырып, пайда тауып та отырғандарын айта кетейік. Биылдан бастап партияның жастар қанаты жанынан студенттік жасақ құрылып, ігі істердің басы-қасынан табылып жүрген жайлары бар.