Жеңістің 80 жылдығы – миллиондаған халықты біріктіретін күн. Атаулы датаға орай ҚР Халық әртісі Құрманбай Шойынбаев Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен жанды дауыста кеш өткізді. Тарихқа тағзым етілген концертте 20-дан аса туынды орындалды. Көрермен әрбір әнге ерекше елітті.
Бұл концерт майдан даласында ерлікпен қаза тапқандар мен аман қалған ардагерлерге арналған музыкалық тағзым болды. Алдымен соғысқа дейінгі мамыражай күндерді суреттейтін әндер шырқалды. Әнші әр шығарманың тарихы мен маңызына тоқталып, залда отырған көрермен көңілін бір толқытты.
ҚҰРМАНБАЙ ШОЙЫНБАЕВ, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Жеңістің келешекте аталмай кететін қауіп төніп тұрған сияқты мен үшін .Есте көп сақталсын деген ниетпен, Ш.Қалдаяқов атындағы филормонияның басшылығымен араласа отырып, соғыстың кезінде шыққан әндерді жастардың құлағына құю шамамыз келгенше. Айтылатын әндердің көбісін қайта жаңартып, жаңалықтың бірі осы. Қазақ оркестрімен сүйемелдеп, концертке қатыстырып отырмыз.
Тыңдарманға терең ойлы әсер сыйлаған әндердің бірі – зұлмат заманда майданға аттанған ер азаматы мен баласын сағынған аналардың образын сомдайтын шығарма болды. 30 жылға жуық өнерге баулып, киелі сахнаға шығарған Құрманбай Шойынбаевтың өнердегі ұстазы да әр туындысын ұйып тыңдап, жоғары баға берді. Сайрам ауданынан арнайы ат басын бұра келген Әлібек Ыбырайымұлын да сөзге тартып көрдік.
ӘЛІБЕК БАЙНАЗАР, ҰСТАЗЫ
Құрманды мақтан етеміз, ҚҰрманды құшақ жая қарсы аламыз, Құрманның өнерін бәріміз де сүйсініп тыңдаймыз. Бүгін мен әдейілеп, аттың басын бұрып, келіп отырған себебім сол. Ал, енді Құрамнның осындай дәрежеге жетуіне ескі ауылда ескі баян тартып, ескі домбыра тартып, әртүрлі конкурстарға, жарыстарға қатыстырып, оның өмірге деген қадамын ашқан мен едім.Бұдан 20 жыл бұрын, 30 жыл бұрынғы дауысы қандай еді. Бірақ өнер алланың берген бағы, дарыны еш уақытта өшпейді.Оны ешуақытта өшірмеу керек. Халыққа жұмсап, пайдалану керек.
Мазмұны мен тағылымы жоғары кешке аудандардың құрметті ардагерлері мен сарбаздар шақыртылды. Мұндай концерттер жас өрен санасына үлгі-өнеге дәнегін егері сөзсіз. Сондықтан, мейрамға қарамай, жиі өткізілуі тиіс!-деп тарқасты көрермен.