Азық-түлік бағасы үнемі бақылауда. Сонымен қатар сапасына да жіті мән беріледі. Әсіресе көкөніс, ет, сүт, шұжық өнімдері қатаң тексерістен өткеннен кейін барып сауда сөрелеріне жіберіледі.
«Айна» базарына әкелінген әрбір тауар ілеспе құжатпен келеді. Онсыз қабылдай алмаймыз деген зертхана басшысы мейлі ол ет, сүт, көкөніс, шұжық өнімдері болсын мұнда, бірнеше ауруға тексерілетінін жеткізді. Мысалы, бір қара малдың басынан 5 түрлі сынама алынады екен.
МАРАТБЕК МЕҢГЕЛБЕКОВ, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
«Мысалы, бір қара малдың басын 5 ауруға тексереміз. Туберкулез, актинемикоз, финоз, не заразный болезнь дейді. Көрдіңіз ба бір бастың өзі. Әр нәрсенің өзінің тексерісі бар. Өкпе, бауыр эхинокок, фацелиоз өздерінің аурулары бар. Солардың бәріне тексеріп, жарамдысын өткіземіз, жарамсызын алып қалып утилизация жасаймыз».
Өнімдер жіті тексерістен өткеннен кейін сауда сөрелеріне шығарылады. Бағасын да тұрақты ұстап тұру үшін бақылауды бір сәтке болсын тоқтатқан жоқпыз деген базар басшылығы тауар бағасына 10-15 пайыз қосылатынын айтты.
РАХИЛА ОСПАНБЕКОВА, КӘСІПКЕР
«Біз мына еттің ішіндегі сүйегін көп алып тастаймыз. Міне, мынандай сүйектер. Біздің етіміздің бәрі сапалы. Сүйегі аз етті-етті. Сондықтан ол 3200 теңге. Бұл жіліктен гөрі арзандау түседі. Егер сіздер есептеп көрсеңіздер, біз оның бәрін есептеп шығарып қойғанбыз. Сондықтан сіздер сапалы әрі жіліктен арзан түсетін Айна базарға келіп сауда жасаңыздар».
Ерте пісетін бақша дақылдарының маусымы басталды. Әуес асты әркімнің жегісі келетіні анық. Алайда, зертхана қызметкерлері оларды белгіленген орындардан сатып алған жөн, дейді. Өйткені мұнда арнайы тексеріліп, бақылаудан өтеді.