Жасанды интеллектінің игілігі мен қоса зиянды тұстары да бар. Ол арқылы интернет алаяқтары қарапайым азаматтардың жеке дерегін анықтап алу құралы ретінде де пайдаланып отыр. Енді мұндай алаяқтықты болдырмау мақсатында Егов Мobile жеке, мемлекеттік құпия болуы тиіс деректердің жария болуын тексере алатын қосымшаны іске қосты.


Ол үшін азаматтар nomad guard мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелуі қажет. Сөйтіп, ЭЦҚ арқылы жүйеге кіре алады. Сервис автоматты түрде деректерді талдап шығады. Егер, қандай да бір ақпарат таралып кеткені анықталса, 1414 нөмірінен СМС және Егов мобайл қосымшасы арқылы ұялы телефоныңызға хабарлама келеді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, жаңа сервис қолжетімді болады. Оны жүктеп алған азамат қандай да бір сілтеме арқылы қауіпті сайттарға кірсе, жеке деректерің таралып жатқанын бірден ескертіп отырады.