Айтулы мереке Қаратау ауданында да жалғасты. Көрме орталығында Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекесінде 300 ардагерге арнап салтанатты шара өткізді.


Жер бетіне бейбіт өмір сыйлаған бабаларымыздың жасампаз Жеңіс мерекесі бүгін. Аққан тер мен төккен қанның арқасында келген бұл күнді Қаратау халқы да ерекше ықыласпен атап өтті. Іс-шара басында қанды қырғында қаза тапқан майдангерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.


АЛМАС ЕМЕЛТАЙҰЛЫ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

9 мамыр бұл елдік пен ерліктің, батырлық пен батылдықтың символы. Бүгінгі күнде біз бейбіт өмірде, тыныш елде кешегі ардагерлеріміздің батылдығы бірлігі қажымас ерлігінің арқасында.


Жиында өнерпаздар би билеп, әскери әндерді орындады. Мұнда жиналғандардың қатарында соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері де болды. Оларға концерт барысында құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді. Аудан әкімі атынан 44 адам марапатталды.


АЙНҰР ҚУАТЖАНҚЫЗЫ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ ДАМУ, СПОРТ, ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 Бүгінге дейін ауданымызда 7 ҰОС ардагері болса қазіргі уақытта 1 ғана ардагеріміз қалып отыр. 99 жастағы Төлепбергенұлы Мұратәлі ағамыз. Сонымен бірге 77 жуық ауған соғысы ардагері бар. Және 161 ге жуық тыл еңбеккерлері тыл ардагерлері бар Бүгінгі шарадан бөлек ертең аудан әкімі атынан осы 161 тыл ардагерлерін. мекен жайына барып құттықтау шарасы жүргізіледі. 


 МҰРАТӘЛІ ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ, СОҒЫС АРДАГЕРІ

Мынау мен 100-ге келген қариямын. фСоғысты көрген адамның бірімін. Сол Өаратау әкімшілігі ажамгершілік істеп сіз сияқтыжастарды шақыоып тәрбие жұмысын ұлттық намысты қорғау жұмысын ұйымдастырғаны үшін оларға қошеметім емес рақмет. Ағайынды бесеуміз, бесеумізде соғысқа барғанбыз. Майдан даласында болғанбыз. Соның екеуі майдан даласынан оралмай қалды.


 Кеш соңында соғыс жылдарынан сыр шертетін, жүрек тебірентер әндер орындалып, көрермен көңілінен ерекше орын алды. Мерекелік концерттің басты мақсаты – ұлы тұлғалардың ұлы әрекеттерін ұлықтап, ел үшін жанын қиған қахармандарға деген шынайы құрмет пен тағзым білдіру.