Ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасып жатыр. Күні кеше 9 ауылдың әкімі сайланды. Оның 2-еуі өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты болса, 7 ауыл округ әкімдерінің сайлауы шілде айынан ауысқан.


 Жалпы биыл Түркістан облысы бойынша 69 ауыл әкімдерін сайлау жоспарланған. Оның ішінде 68-і кезекті, 1-еуі кезектен тыс. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсан аралығында 9 ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Оған орташа есеппен 58,9 пайыз сайлаушылар белсенділік танытқан. 16 ауыл әкімдерінің сайлауын 29 маусымда, ал қалған 24-ін 13 шілдеде өткізу көзделген. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 7 ауыл әкімдерінің сайлауы жоспарланған. Айта кетейік, өткен жылы 44 ауыл әкімі сайланған болатын. Оның ішінде ең жасы – Отырар ауданы, Маяқұм ауыл округінің 27 жастағы әкімі Руслан Ілесбек болса, ең үлкені – Төле би ауданына қарасты Киелітас ауыл округінің 63 жастағы әкімі Полат Турабеков.