Ардагерлерге ән шашу. Шымкентте алдағы қос мереке қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Оған өңірлік ардагерлер мен қала тұрғындары шақырылды. 2 сағатқа созылған мерекелік кеште сала мамандары марапатталып, танымал жұлдыздар өнер көрсетті.


Егемен елдің қорғаны. Бүгін осындай атаумен Қызғалдақ сарайында Жеңіс күніне арналған мерекелік жиын өтті. Іс-шараға көзі тірі майдангерлер, соғыс даласында құрбан болғандардың ұрпақтарынан бастап, 2000-ға тарта адам қатысты. Әскери сала мамандары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін жалпы 10 азамат құқық қорғау саласындағы, осы әскери саласндағы 10 азамат марапатталды. Олардың әрине бүгінгі мереке болғаннан кейін олардың етіп жатқан еңбегіне қаламыздың тыныштығын қорғап жатқан осы азаматтарды марапаттап мадақтап отырмыз.


Сұрапыл соғыста етегімен қан кешкен жауынгер халықтың ұрпағы үшін бүгінгі күннің маңызы зор. Сондықтан, жыл сайын ардагерлерге ерекше қолдау көрсетіледі, әрі бұл күн жалпыхалықтық мереке сипатына ие. Бүгінгі игі тілектердің барлығы ардагерлерге арналады.


МАҚСАТ ЕСЕҒҰЛ, С. РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ БАСШЫСЫ

Өте ризамыз. Қандай керемет іс-шара өтті. Рухты духты көтерді. Балаларымыз да соған қуанды. Бәріне ризамыз. Мереке құтты болсын. 80 жылдық құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.


 Салтанатты кешке эстрада жұлдыздарымен қатар, жас өнерпаздар да қатысты. Би биленіп, әскери, рухты әндерді орындалды. Тұрғындар мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, елдік пен бірлікті ән-жырға қосты.


 АБЫРОЙ ТОБЫ

Барша Шымкент халқын қазақ елін келіп жеткен жеңіс күнімен құттықтаймын. Жеңісіміз көп болсын абыройымыз биік болсын тек жақсылықта көріне берейік.


РАМАЗАН МҰХТАРҰЛЫ, С. РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

Еліміз ешқандай соғыс болмасынешқандай араздану ештеңе болмасын барлығына алғыс айтамыз. Қазіргі үйстіе жүргеніміз кезінде ата бабаларымыз біз үшңн соғысқан сол үшін рақмет.


«Жыл сайын қатарлары сиреп бара жатқан қарт майдангерлерді құрметтеу – өскелең ұрпақтың парызы. Бүгінгі бейбіт күн сол кісілердің жанкештілігінің арқасы.» Бұл жастардың пікірі. Егемен елдің абыройын асқақтатып, байрағын биіктен желбірететін азаматтар да аянып қалмасы анық.