Сыртқы істер министрінің бұйрығымен инвесторларды сүйемелдеу үшін «Бір терезе» қағидалары бекітілген. Дәл осы қағидалар шеңберінде ел аумағында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс істеп тұр. Платформада республика бойынша 1124 инвестициялық жоба тіркелген. Оның ішінде Түркістан облысы мұндай жобаларға сүзгі жүргізіп, нәтижесінде 81-і енгізілді. Осы көрсеткішпен өңір республикада көш бастап тұр.
Бұл туралы Өңірлік ивнестициялық штабтың мәжілісінде қаралып, мәселелер мен жоспарлар талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласындағы дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар зауытының және битум өндіретін зауыттың құрылысы, Қазығұрт ауданындағы тамшылатып суару құрал-жабдықтарын шығаратын зауыттың және жиһаз цехының құрылысы, Ордабасы ауданында электр жабдықтарын өндіру және трансформаторларды жөндеу жобасының жай-күйі, Саурандағы күн электр станциясының құрылысы және өзге де жобалар талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Инвест штабта көргім келетін мәселе, жалпы проблемасы бар жобалар бізге тиесілі, қандай ниетті шешілмей жатқаны. Қай аудан, басқарма тарапынан қандай проблема туындап жатыр, инфрақұрылым мәселесі қалай болып жатыр, сол жағынан қарап шықсақ...