Шымкенттегі Ақжар елді мекенінің тұрғындары соғыс даласында ерлік көрсеткен ата-бабаларына тағзым етті. Олар 40-қа жуық азаматтың аты жазылған ескерткіш тақтаны қайта жаңғыртуға атсалысты. Жеңіс күні қарсаңында жастарға үлгі ретінде гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына арнап құран бағыштады.


Ақжар аядай ғана ауыл болғанымен халқының ынтымағы жарасқан елді мекен. Осындағы №122 орта мектепте 1500-дей бала білім алып жүр. Бүгінгі Жеңіс күніне арналған іс-шарада сол жастар өнер көрсетіп, патриоттық тәрбиенің озық үлгісін көрсете білді.


ЭЛЬМИРА СЕРАЛИЕВА, №122 ЖОМ ДИРЕКТОРЫ

 Ескерткішті ауыл тұрғындары, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары атсалысып, демеушілігін білдіріп жатыр. 01:32


Ақжар ауылының тұрғындары мектеп жанындағы ескерткіш тақтаны өздері жаңартып шықты. Онда 40-қа жуық соғыс ардагерінің есімі жазылған. Ұрпақтары мен Ауған соғысы ардагерлерінің атынан гүл шоқтары қойылып, бейбіт күнді сыйлаған батырларға тағзым етілді. Аға буын мұндай іс-шаралар жастарды өткенін біліп өсуге мүмкіндік береді,-деп отыр.


 ЕРЛАН БӘЙТЕРЕЕВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

 Барлығы жақсы, қарқыны күшті, осылай бола берсе, жастардың париоттық тәрбиесі жақсарары сөссіз. 01:00


Тағылымға толы кеште мектеп оқушылары әннен шашу шашып, би биледі. Патриоттық рухты көтеріп, шеруде жүріп өтті. Қойылымда қос батырдың майдан даласындағы жауынгерлік ерліктері суреттеледі. Баһадүрлердің соғыстағы қаһарманыдығын дәріптеледі. Аталмыш шығарма көрерменге ерекше әсер етті. Жас өскінге ой салды. Тарихтан тағлым түйгізді.