«Меруерт малышам» дүкендер желісі тағы бір сауда қатарымен толықты. Ана мен баланың көмекшісі болған дүкен енді нұрсаттықтарға қызмет етпек. Сейітжан қари мешітіне қарсы беттен ашылған орталық осы маңдағы аналарды қуанышқа бөлеп отыр. Мұнда аналар 20 жылдық тәжірибесі бар маманнан тегін кеңес ала алады. Сәбиге қажеттінің бәрі табылатын сауда орталығының ерекшелігін тілшіміз айтып берсін.


«Меруерт малышам» дүкендер желісін білмейтін шымкенттік ана кемде кем. Дүкеннің негізін қалаушы Меруерт Нәрзенқызы педиатрия саласында 20 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол сәбидің алғашқы кезеңдерде туындайтын мазасыздығына қатысты тегін кеңес береді. Балаларға арналған табиғи өнімдерден жасалған түрлі тағам түрілерін ұсынады. Ол жас сәбиді емдеп, иммунитетін нығайтуға мүмкіндік сыйлайды.


 МЕРУЕРТ НӘРЗЕНҚЫЗЫ, «МЕРУЕРТ МАЛЫШАМ» ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Ең басты мәселе, бала енді туылған кезде баланың іші ауырып, колики и запор болып жатады. Не болмаса аллергия болып жатады. Не болмаса салмақты жәй жинап жатады. Сондай кезде бұрын білмегенімізден аптеканың дәрілерін беретінбіз. Ал қазір аптека дәрісінесіз, табиғи өнімдермен баланы емдеуге болады. Ол тиімді. Аптеканың дәрілері иммунитетті түсіріп жатса, лечебный дәрілер иммунитетті көтеріп, әрі аллергиясына, ем болып жатады.


Сондай-ақ дүкеннен перзентхана сөмкесіне қажеттінің бәрін табуға болады. Емізік пен бөтелкенің сан түрі бар. Аналарға қажетті ұсақ-түйектерді де кезіктіресіз. Жас аналар жанына қажеттіні сабылмай табатындарын айтып, қуанып отыр.


БАЛЖАН КУТИНОВА, ТҰТЫНУШЫ

Осыдан 10 жыл бұрын осы Меруерт ханымға ашылған дүкеніне клиент болып барғанмын. Өзімнің алты немерем бар. Осының барлық керегін осы киімдерін бәрін аламын. Рахмет халық үшін, ел үшін қызмет жасаап отырғанына ризасмыз. Түсіндіруге жалықпайды.


 Дүкеннің ерекшегілі – табиғи өнімдерден жасалған тауарлардың көптігінде. Сондай-ақ мамандар онлайн вацап желісі арқылы тегін кеңес беріп отырады. Дүкендегі тауарларды Қазақстанның кез-келген дүкеніне жеткізу қызметі қарастырылған. Тиімді баға, жоғары сапа талайдың таңданысын тудырған.


 БАҚЫТ ЖҮНІСОВА, ТҰТЫНУШЫ

Балдарға киімдерін, подгузник, смесь аламыз. Осы біздің районнан ашылғанына қуаныштымыз. Көптеген скидкалар жасайды. Кеше де келіп қажетті киімдерімізді алып кеттік.


Ашылу салтанатына орай дүкенде көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Дәл осы апталықта 30 мың теңгеге сауда жасаған тұтынушылар үшін лоторея билеттері ойнатылуда. Ол үлкен жеңіске жол ашпақ. Бала денсаулығын ойлайтын анларды Нұрсат-2 шағынауданы, 50-ші үйде орналасқан Меруерт малышам дүкенінде күтеміз.